Япырмай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Япырмай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2015
Айдап келдім-ой, жылқымды бие бауға, ахау,
Оралады-ой, ақшабақ жібек бауға.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Жалғыз тұрған-ой жапанда сен бәйтерек, ахау,
Бұтағыңа-ой мен келдім ұялауға.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Күміс ерді-ой көтеріп атқа салдым, ахау,
Атадым да-ой атыңды хатқа салдым.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Жас жүректің-ой обалы бір өзіңде, ахау,
Шыбын жанды-ой сен үшін отқа салдым.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері