А, қалқа-ау
Бұл бетте «А, қалқа-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
А, қалқа-ау,
Ғашық болдым әуел баста,
Ғашық оты мағұлым
А, қалқа-ау, кәрі-жасқа.
Әйи-яю,
Әйи-яю-ай,
Бірге өстім кішкентайдан біте қайнап.
Көңіліңде бар ма уәде,
А, қалқа-ау, менен басқа?
Әйи-яю,
Әйи-яю-ай,
Бірге өстім кішкентайдан біте қайнап.
Әріптес, сен дегенде қуанамын,
Еңкейіп жез шәйнекпен су аламын.
Әйи-яю,
Әйи-яю-ай,
Бірге өстім кішкентайдан біте қайнап.
Кеткенде ауылың алыс, ей қарағым,
Мойнында асасы жоқ дуанамын.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі