Қорқыныш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қорқыныш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 791
Жаным жасып,
Көңiлiм қобалжып қалған.
Не нәрседен де
Жасқанатындай.
Аңдаусыз қалсам
Түу сыртымнан
Қап-қара бәле
Бассалатындай.
Бiреулер –
Қанша жыртсам да! –
Торларын жолыма
Құра беретiндей.
Бұрыштан айналсам –
Алдымнан әлдене
Шыға келетiндей.
Аяғымды бассам
Табанымның асты
Ойылып кететiндей.
Көзiмдi жұмсам –
Дүние қараусыз қалып!–
Жойылып кететiндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері