Өлең, жыр, ақындар

Ержүрек кемелер

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 568
Көк долы көк теңiз
Ақ жал толқындарын
Аждаhадай көтерiп
Аспанға атқан кезде;
Опырып жiберердей
Жартастарды – арқырап кеп! –
Соққан кезде;
Гаваньдағы
Шынжырлармен
Байлаулы тұрған кемелер
Мөңкiп, тулап кеткенде;
Аспан жарқылдап,
Дүние түнерiп,
Шулап кеткенде;
Қатар тұрған кемелер
Астаулардай – бiр-бiрiмен –
Соғысатындай болғанда;
Жартастардай
Қағысатындай болғанда;
Қапталдан соққан
Таудай толқындар
Қабырғаларын қақыратып
Сөгiп кететiндей болғанда;
Кемелер – тұңғиыққа! –
Шөгiп кететiндей болғанда, –
Бiр-бiрiмен
Соғысып қалмас үшiн;
Жартастардай
Қағысып қалмас үшiн;
Қапталдан соққан
Таудай толқындар –
Қабырғаларын! –
Сөгiп кетпес үшiн;
Тұңғиыққа
Шөгiп кетпес үшiн –
Кеме бiткен
Шынжырларынан босанып
Арқырап жатқан
Теңiздiң үстiне
Шығып кетедi.
Олай етпесе
Бiр-бiрiмен соқтығысып,
Құрдымға батып
Құрып кетедi.
Таудай толқындарды –
Бүйiрiнен соқтырмай! –
Тұмсығымен қақ айырып
Тiлiп тұрады.
Жандарын шүберекке
Түйiп тұрады.
Кеме бiткен
Ботасынан айырылған
Түйелердей күңiренiп
Боздап жатады.
Жаң-жүргiңдi жылатып
Қозғап жатады.
Ержүрек кемелер
Толқындармен бетпе-бет
Күн тұрады, түн тұрады.
Апта тұрады.
Қапталын бермей –
Тұмсығымен тiлiп! –
Қайтпай тұрады.
Шiркiн-ай,
Астаң-кестең дүниенiң
Алапат толқындары –
Қай жақтан соғатынын –
Бiлiп тұрсақ қой!
Бүгiжiктеп бұқпастан
Сол толқындарды
Ержүрек кемелердей
Қақ айырып
Тiлiп тұрсақ қой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңсау

  • 0
  • 0

Ұшып қиял ғарышқа
Әрбiр сөзден от тауып,
Айдалада, алыста
Жүретiн ем шөп шауып.

Толық

Мыстан кемпір

  • 0
  • 0

Алтын сақамды алам деп
«Отырса тұра алмайтын,
Тұрса отыра алмайтын»
Мыстан кемпiрмен алыстым.

Толық

Қала

  • 0
  • 0

Көктемде
жапырақ шөптерде
жатқанда таң шығы –
ән салар

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер