Сенің бейнең – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сенің бейнең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4657
Сенің бейнең көз алдымнан кетпейді,
Менің күнім сені ойлаусыз өтпейді.
Нұр жүзді көру үшін бір сәтке,
Бара жатам өрлеп биік беткейді.
Сен тұрасың қарсы алдымда күлімдеп,
Сәуле шашқан алтын арай күнім боп.
Сол бір сәтте шын бақытқа бөленем
Бірақ, бірақ, ақтарылар тілім жоқ.
Әйтсе-дағы жан сырыңды сеземін,
Сеземін де, кең әлемді кеземін.
Осындай жан болса екен деп жан жарым,
Армандаумен өртенеді өзегім.
Неге осылай өртенді деп сөкпегін,
Жаралған жан емессің ғой теп-тегін.
Сендей жанды сүйе білсем өмірде,
Шынында да бір бақытқа жеткенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің бейнең өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сенің бейнең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің бейнең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің бейнең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері