Өлең, жыр, ақындар

Екі ғасыр үндеуі

Аттан Алаш ел болмақ,
Ел болмаққа жер болмақ,
Шу Таластың арасын,
Созақ деген қаласын,
Егеменді қазаққа,
Қарамастан азапқа,
Шыдасақта мазаққа,
Байрағыңды көтеріп,
Ең алғашқы хандықты,
Жаратқанның қалауы,
Қазақ елі қаланды!
Ұлы көштің легіне,
Жиылыңдар бар қазақ.
Азаттықтың күні де
Атты міне Маш Аллаһ!
Шайбаншахтың қорлығын,
Ол тексіздің жорығын,
Көрді бабам көрместі.
Ыри тыри жүр міне,
Дешті Қыпшақ еліміз,
Хəм сұлтаннан кетіппіз,
Хақ сұлтанға келіппіз!
Керей сұлтан тақсырым,
Қош аларсың асылым,
Біздің рудың адамы,
Ата-Қазақ бабалы
Бір атадан тарапты.

Қазтуған елін қимаған,
Ноғайлы қазақ жерінен,
Жиенге көмек берем деп,
Еділден асып қонысын,
Таласқа келіп жайлаған.

Ей жамағат бүгінде,
Сол ғасырдың үні де,
Сыр шертеді байқасаң.
Жау төнген бізге Шығыстан,
Албасты келді Батыстан.
Күніміз енді алаңды,
Алданбасқа болмады,
Салтымыз болды ойыншық,
Дініміз барад жойылып.
Азат болсаң не пайда,
Ұлтымның асыл-тегінен,
Қалсақ біз жазып көз айна.

Алланың рақым қылғаны,
Мұсылман болған халқымыз.
Бабамның нəсіп қылғаны,
Дархан жер, аттай шабамыз.
Сол дінің бекем болса игі,
Шатаспай жалған ағыммен,
Сол байтақ жерім болса игі,
Қазақтың ғана аймағы.

Пенделікке салынса да қазағым,
Уақыт барда есіңді жый ардағым.
Алмас қылыш қыл мойынға тақалса,
Қалмас сонда ешбір айла амалың.

Əр кезде де пендеге сынақ берген,
Отпен сумен соғыспен ажал келген.
Бұл ғасырдың ең басты қиындығы,
Қазағымның рухы тек азған екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз