Палестина бұтағы – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Палестина бұтағы» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 764
Жә, Палестина бұтағы,
Қай жерде гүлдеп кең өстің?
Қай жазық пенен ондағы
Көркі едің қандай дөңестің?
Суы мен мөлдір Иорданның
Шығыстың нұры өпті ме?
Түнінде таулы Ливанның
Тентек жел тербеп өтті ме?
Солимнің кедей әулеті
Жапырағыңды өріп бағалы,
Ескіше бәлкім әндетті,
Күбірлегі әлде - дұғаны?
Сол құрма әлі сол жерде
Жапырағын жайып басына,
Жолаушы жанды шөлдер деп,
Шақыра ма екен қасына?
Не ол да сендей алыста
Үзіліп үміт дәмесі,
Жат жерде сөлін жаныштап
Жатқан да шығар денесі...
Құдайдың, айтшы, қай құлы
Әкелген сені бұл жаққа?
Көз жасын оның қайғылы.
Қалдың ба сақтап ұзаққа?
Әлде ол хақтың әскері
Жүзіне қайғы жұқпаған?
Күнәсіз сендей жас па еді,
Жақ еткен ием жұртты оған?
Парызға іштей ізет қып,
Жез құдай алдын мұндағы
Етене тұрсың күзетіп,
Ерусалим бұтағы.
Крес пен кивот көгілдір
Киелі күңгірт нұр шалған.
Жан-жағың, үстің көңілді
Жиһазбен жым-жырт қоршалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Палестина бұтағы өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Палестина бұтағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Палестина бұтағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Палестина бұтағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері