Лас уақыт

Бұл бетте «Лас уақыт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 593
Мына Уақыттың,
Апыр-ай,
Ласын-ай!
Аждаһаның ауызындай
Үңiрейген
Апаны мен ұрасын-ай.
Қаптаған
Қарақұрт пен өрмекшiлер
Қап-қара торларын
Құрып алған.
Дүниенi
Қап-қара
Жүн-жүн аяқтарымен
Бүрiп алған.
Әне бiреулер
Өтiрiктi судай сапырып
Соғып жатыр.
Өтiрiктi соғып
Қара халықтың
Қып-қызыл қанын
Кенедей жабысып
Сорып жатыр.
Қарашы,
Адам бiткен
Бiр-бiрiн аңдып,
Бiр-бiрiн бағып тұр.
Сөйлеген сөздерiнен
Өттей жап-жасыл
Iрiң ағып тұр.
Бұл жылың
Бұл жыл еместей.
Бұл күнiң
Бұл күн еместей.
Жан-жүрегiңдi
Күл-қоқыстан тазарту
Мүмкiн еместей.
Айналаң түгел
Жалтақ-жалтақ еткен
Күйгелек үмiт пен
Күйреген арман.
Iшек-қарны шашылып,
Ақтарылып жатқан
Мына дүниеге
Қара құзғын қаптап,
Қара шыбын
Үймелеп алған.
Галстук таққан
Адамдарына дейiн
Бiр-бiрiмен
Боқтасып жатыр.
... Сағатының тiлiне дейiн –
Күресiнде қалғандай! –
Тот басып жатыр.
Лас Уақыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лас уақыт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Лас уақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лас уақыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лас уақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері