Өлең

Бұл бетте «Өлең» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1145
Өлең шіркін — ұялшақ кейде қыздай,
Кейде — қоймас жүректен күйді ағызбай,
Жансыз өлең сезімді суытқандай,—
Басылады жүрекке кейде мұздай.
Өлең — бірде, назданған ғашық жардай,
Бірде — лаулап, бірде — сұлық басылғандай
Бірде —бұлтты сөккендей жарқ-жұрқ етіп
Найзағайша қуатын асырғандай!
Өлең — кейде сәбидей талпынады,
Кейде— ананың жанындай балқымалы,
Кейде — долы теңіздің толқынындай,—
Мінезі бар «тентектің» шалқымалы!..
Менменсініп керілген кейбір кердең,—
Бағаламай өлеңді жеңіл көрген,
Үстірт қарап бола ма менсінбеуге,—
Жақсы өлеңді шынайы өмірге енген.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері