Кісінің кешпейтін ем пенделігін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кісінің кешпейтін ем пенделігін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Кісінің кешпейтін ем пенделігін,
күмілжіп отырғаным мен де бүгін,—
бар аймақ осы күні ірі тұтқан,
қарайлап көңіліне төрдегінің.
Шынында, қарашы өзің, "көпшіл" анау,
жараспас алды-артыңды топшыламау,
Жеткізіп үнін көкке,
мінін бетке
айтар ем,—
мен ақымақ боп шығам-ау!
Кіріптар оған бүгін жұрттың көбі,
көпшілік қашан өзін "қыртпын", деді?—
үнімді қойды бәрі енді өшіріп,
қайтейін, пендешілік, құрттың мені!
Ойламай біреуі де "ол қалайды",
алдына түсіп алып жорғалайды.
Итіне талатса да, жаратса да,
амалсыз өзіне кеп қорғалайды.
Іштері сезе тұра аярлығын,
аяғын жаламапты ел қай әлдінің,
бірдеме дейін десең, шеттерінен
ит қосып қууға да даяр бүгін.
Тура айтып, тіке тартып, өтші басым,
оны да "топ" өзінше топшыласын:
айналып әділдігің аусарлыққа,
ақыры сен ақымақ боп шығасың.
Қылығын көре тұра төрдегінің,
айта алмай, амал құрып, елге бірін,
Кешірмес пенделікті қайран басым,
күмілжіп отырғаным мен де бүгін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кісінің кешпейтін ем пенделігін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Кісінің кешпейтін ем пенделігін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кісінің кешпейтін ем пенделігін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кісінің кешпейтін ем пенделігін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері