Арман шiркiн арман ба – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Арман шiркiн арман ба» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Арман шiркiн арман ба,
Жар болмаса жаныңа?!
Сенсiз өңсiз жалғанда
Бар дейсiң қай мағына.
Сергелдеңiм сезiлмей,
Серiк еттiм сабырды.
Кiм түсiнер өзiңдей
Менiң мең-зең халiмдi.
Түстiм теңiз түбiне
Мойыныма тас байлап.
Көкейтестiм бүгiнде –
Басқа мекен, басқа аймақ...
Ақыр-тақыр тынармын
Ақабадай мен түбi.
Ажалды да құп алдым –
Азабымның төркiнi.
Көктен жұлдыз теретiн
Көңiлдiң жоқ серпiнi.
Көне сiңiр – көк етiм
Көрiнгеннiң жемтiгi.
Тағдырымды таныр кiм,
Бастан бағым ауғасын.
Тал түсiнде Тəңiрдiң
Дауға түстi сау басым.
Түбi шикi, дүдəмал
Тiршiлiкте не мəн бар?
Арылмаған күнəдан
Аужайымды сен аңғар.
Өзге жұрттың көзi – айна,
Ожданыңмен ойнайды.
Онсыз да өңi боз Айға
Қол созуын қоймайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман шiркiн арман ба өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Арман шiркiн арман ба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман шiркiн арман ба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман шiркiн арман ба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері