Отағасы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Отағасы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4267
Шығын қылмай әлінше бір шыбықты,
Шайқастар мем айқаста жыр шынықты.
Түтіндемей,
Бықсымай,
Лап-лап етіп
Өртену деп білемін тіршілікті!
Түсінбейді шарапқа, сірә, бөккен.
Өлең деген ауырдым мұра-дертпен.
Жарты ғасыр ғұмырым
Бөле-жармай,
Түп-түгелдей.
Бүтіндей тұрады өрттен.
Қона кетіп көңілге ақылды әнің,
Дұрысыңды дұрыс деп мақұлдадым.
Шашыраған шоғынан қуаныштың
Шілдедегі шалғындай лапылдадым.
Тіл табысып он кісі,
Жүз адаммен,
Келіспедік кей кезде біз ағаңмен...
Ақ жалын боп,
От тиген цистернадай
Талай-талай жарылдым ызадан мен.
Біз болмасақ үлесің молыға ма?
Түсінбейді біздерді момын аға.
Құйған кезде өлеңді
Сөз балқытып,
Талай-талай айналдым домнаға.
Келісе алмай лауазым,
Атағыңмен,
Шәлкем-шалыс келемін шатағыңмен.
Жоқтан барға тұтанып сау кезімде,
Ауырсам да өртеніп жатамын мен.
Найзағай ғой ақынның ата-анасы.
Сондықтан да от менің аталасым.
Жас жігіттер бүгінде
Мына мені
Тектен-текке демейді отағасы.
Жаз өтеді әлі де,
Күз өтеді.
Жыр тигенде жүрегім тыз етеді.
Сөнбесін деп,
Алғашқы адамдардан
Күндіз-түні отымды күзетемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отағасы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Отағасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отағасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отағасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері