Бұл бетте «Біздің Отан» атты Оразбай Байбақұлы жазған отан туралы өлең берілген.
Таулы, тасты сала көп,
Сірә, мұндай дала жоқ.
Атаң менен әжеңнің
Өскен жері бала боп.
Мөлдіреген бұлағы,
Желбіреген құрағы,
Әкең менен анаңның
Қасиетті тұрағы.
Бабалардан қалған жер,
Елдің бағы жанған жер,
Нәресте боп сенің де
Кіндік қаның тамған жер.
Келген көріп қайтады,
Қойны кенге бай тағы,
Біздің Ұлы Отан деп,
Осы өлкені айтады.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі