Сені ме? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сені ме?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 639
Сені ме бір...
деумен-ақ,
сені ме бір!..
сергелдеңге түскені-ай сері көңіл!
Сәруар гүлдей солар ма сабағында
серуенсіз
сертіне берік өмір.
Қор болам деп, құдай-ау, елден неге,
сері көңіл айналды шермендеге.
қанатынан қайрылып қалғаны ма,
көтеріліп ұша алмай жерден дене!
Айдындағы аққудың бір сыңары,
алдап қойып, амал не, жүрсің әлі.
Қырсығады өмір де кейде осылай,
көптен бері көңіл де тыншымады.
Өрі де гүл кешегі,
төрі де гүл,
шермендеге айналды-ау сері көңіл.
Сергелдеңге салғаның жетер енді,
тірі жүрсем —
сені ме,
сені ме бір!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сені ме? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сені ме? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сені ме? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сені ме? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар