Күту – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Күту» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1773
(аударма)

Мен онымен қоштастым.
Келмеске енді белді буып ішімнен.
Бұл ойымды ол білмеді,
таңданғандай пішінмен
қақпа алдында тұрып қалды,
Дәл осылай көп күтерін түсінгем.
Күндер өтті.
Апта да өтті асықпай,
сосын айлар, жас үмітті жасытпай.
Менің ізім әлдеқашан жауынмен
жуылған-ды. Алды ол талай ауыр дем...
Қара тастай керең жылдар басына
құлады да ақ түсірді шашына.
Сосын соғыс қан төгісі басталып,
өліп жатты кәрісі де, жасы да.
Өлмей қалды сол әйел.
Жасыл қойнау көк түтінге оранып,
кеше тұрған биік үйлер жоғалып,
тас мүсіндер - құдайлардың бейнесі,
быт-шыт болды бәрі-бәрі тоналып.
Сонау бір үй, сол бөлме
мен жататын түндерде,
жасыл бақ та оранатын гүлдерге,
темір пеш те біз екеуміз жылынған -
күл боп қалды бір демде.
Қала орнында:
қар обалар көрінбейді түтінмен,
жаулар бәрін өртеп, таптап бітірген.
Қан сасыған қала орнында сол әйел
тірі қалды.
Жүр әлі де күтумен.
Күту деген биік екен ажал атты үкімнен.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күту өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Күту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері