Қазақи

Бұл бетте «Қазақи» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Ұзағынан сілтейді сілтегенде,
Тұра алмайды құйқылжып күн төбеде.
Қазақиым – қазақтың қолтумасы,
Ойнамады зорлықпен кім төбеңде?
Қуғын-сүргін аздырды ұрпағыңды,
Мен білемін әлі де шырқарыңды.
Қолдың кірін емген кіл, сипап тұрмын,
Алтын жалды, апайтөс тұлпарымды.
... Жылқы зауыт бұл күнде көбейген-ді,
Ондағылар өз қағын елей ме енді?
Таза қанды доннан ба, шотлан ба?..
Қазақилар соғым боп көмейге енді.
Әкем бірақ келіспей оларменен:
– Қасқыр қудым: жетпедім, сонарда мен.
Бір кезеңнен аса алмас «асылыңның»,
Керегі жоқ. Әй, достым, доғар!» – деген.

Ақалтеке болдырды адыр аспай,
Күздің күні-ақ жүдеді қар ұласпай.
Аты мықты болмаса бұрындары,
Дүниеге ешқашан жарымас бай.
Қазақилар көрсетер бар өнерін,
Олар үшін ет болу – арам өлім.
... Сондықтан да «форма» іздеп жатпаймын мен,
Ала салам қазақтың қара өлеңін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақи өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазақи өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақи өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақи өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері