Бүгінгі кеш

Бұл бетте «Бүгінгі кеш» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 986
Шадыман кешті бүгін шолғанымда
Шат қала алтын көзді шамдары да
Жарқырап, нұрын төкті, сәуле шашып,
Жайнаған әр үйдің бір шарбағында.
Қаңтардың кеші дала үстін орай,
Сәулесін тау төсіне тостырып ай!
Қанаты қар жамылған теректер тұр —
Аспалы жалтыраған люстрадай.
Тұрғандай қыста жаздың сағымы ойнап,
Көк мұздың айдынына салып ойнақ,
Сырғанақ тепкен жастар жұлдыздайын
Ағады, өр жанында жалын ойнап!
Осы түн — тез атқандай тосқан таңы,
Колхозда, совхозда да жастар тағы
Шаттанған: би билесіп, ән шырқасып,
Әр үйдің тұр жаюлы дастарханы...
Көз тарта жарқыл қағып жанған шамы,
Құлпыртып әр бөлмеде көк аршаны
Жайқалтқан, көрсең: жасыл жапырағы —
Секілді жас ұрпақтың болашағы!
Бұл кешті десеңіздер:— қандай қызық?
Аспанның көк теңізін шарлай жүзіп,
Жас таңы жаңа жылдың келе жатты
Қанаты жұмыр жерді жайнай сызып...
Талпына самғай ұшқан тас түлектей,
Жарқылдап бұл жыл басы жақсы үміттей,
Жаңа бір бесжылдықпен келді бірге
Жиырма бес жасқа толған жас жігіттей.
Бар дейсіз: — бұл мейманды тоспаған кім!
Қалмақшы мұндай кешті қостамай кім!
Достар да күтті осыны тыңындағы —
Көкшетау, Павлодар, Қостанайдың!..
Өзі боп жаңа жылға бас куәнің
Сағаты Кремльде Москваның
Сыңғырлай сайрады күй, соқты он екі!
Жолдастар, шырқалық бір достық әнін!

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі кеш өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері