Түскі демалыс

Бұл бетте «Түскі демалыс» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1213
Ішкен соң түскі тамағын,
Демалуға әрдайым,
Төсегі әр баланың
Шатырында дап-дайын.
Денені желпіп азырақ,
Тау самалы аймалай, —
Балалар жатыр маужырап,
Беттері қызыл алмадай.
Кірпіктері жұмылып,
Қастары да қиылып,
Жатыр ұйықтап жиылып,
Жанына рахат құйылып.
Шықылдап бір кез даладан,
Ұйқы ашар қоңырау ұрылды.
Солдаттарша жалма-жан,
Балалар тұрып киінді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түскі демалыс өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Түскі демалыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түскі демалыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түскі демалыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері