Неткен ұлы жарасым! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Неткен ұлы жарасым!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 691
Неткен ұлы жарасым! –
әлемнен сыр аулаған
мына бала, қарашы,
екеумiзден аумаған!
Екеумiзден өрiмi,
екеумiзден ұғымы.
Сенiкi ғой ерiнi,
өзiмдiкi мұрыны.
Махаббаттың түр-түсi,
махаббаттың үмiтi.
Сенiкi ғой күлкiсi,
жылағаны менiкi.
От көзiнде жанады
балдай тәттi таңдайы.
Саған тартып қабағы
маған тартқан маңдайы!
Жүр ғой, әне, шапқылап
өмiрдi үнге бөлеген.
Сен сияқты саққұлақ,
мен сияқты көреген.
Бiреу келiп басынса
тез тұтанып қызады.
Сен сияқты ашушаң,
мен сияқты ызалы.
Қарағаны – сенiкi,
сыр, ұғымы – менiкi,
алақаны – сенiкi,
жұдырығы – менiкi.
Саған көзiн ойнатып
маған қарай ұшады.
Менiкi ғой қайраты,
сенiкi ғой құшағы
Неткен ұлы жарасым! –
әлемнен сыр аулаған
мына бала, қарашы,
екеумiзден аумаған.
Махаббатты тани қап –
бiлем, бiлем, бiлем мен! –
осы бала арқылы
екеумiздi табиғат
бiр адам ғып жiберген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неткен ұлы жарасым! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Неткен ұлы жарасым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неткен ұлы жарасым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неткен ұлы жарасым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері