Қыс айындағы ақ жаңбыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қыс айындағы ақ жаңбыр» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 697
Жауады төгiп ақ жаңбыр
далада гүлдер жоқ бiрақ.
Жауады төгiп ақ жаңбыр
шықпайды бiрақ алдынан
балалар ойнап шапқылап.
Жауады жаңбыр сабалақ
мезгiлсiз кезде кезексiз.
Тоң қатқан сұрқай далаға
дауысы оның қажетсiз.
Өрiсте бiрi қалмады
сиыр мен қойлар, ат бiткен:
Тұнжырап қарсы алмады
мүлгiген бау мен бақ бiткен.
Домалап келген тау жақтан
тасқындар тулап тасқанда —
жаурайды суық саусақтан
бұйығып қара тастар да.
Жылғаны тiлiп жылатқан
төгедi ол ойпаң, койнауға.
Iшпейдi оны, бiрақ та
сiмiрiп шалғын, жайлаулар...
... Ақ жаңбыр, кейде дiрдектеп
құйылар менiң сөзiм де,
тоң қатқан, бiрақ, жүрекке
қажетсiз ол да өзiндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыс айындағы ақ жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қыс айындағы ақ жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыс айындағы ақ жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыс айындағы ақ жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері