Құмарпаз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Құмарпаз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 741
Уланып сана,
ойы да,
жанымен бүкiл құлаған –
көз iлмей тәулiк бойына
карта ойнап отыр бiр адам.
Алғандай бейне от басып,
шошынып одан қаласың, –
ұмытқан үйiн,
отбасын,
ұмытқан бала-шағасын.
Ұмытқан бәрiн, бәрiн де –
шаттығын,
қайғы,
шерiн де;
Өмiрдiң ылди,
өрiн де,
босаға менен төрiн де –
ұмытқан бәрiн, бәрiн де.
Көк ала ақша ортада,
тiстенiп алған құрыш боп, –
жақын жоқ оған «балтадан», –
«тұзыңнан» өткен туыс жоқ!
Ұмытқан ендi басқаны
бiр суып,
қайта жанады.
Ортада жатқан ақшаны
iшiп-жеп көзi барады.
Ортада жатқан ақшаға,
ындыны кеуiп,
құныққан.
Қол сiлтеп түгел басқаға
бәрiн де,
бәрiн ұмытқан.
Ұмыт қап ас пен тойы да,
суынар қайта,
сан қайнап.
Көз iлмей тәулiк бойына
карта ойнап отыр,
карта ойнап.
Көтермес басын ол ендi,
ол жаққа ендi беттеме!
Әке етiп алған «корольдi»,
үйленiп алған «мәткеге».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмарпаз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құмарпаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмарпаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмарпаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері