Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз

Бұл бетте «Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1108
Мына сары аяздың
Тісіңді тісіңе тигізбей
Сақылдауын-ай.
(Апыр-ай,
Осындай суықта да —
Тамағыңа тас тығылғыр! —
Әне бір қақсауық
Идеолог-шенеуніктің
Қарғадан бетер
Қарқылдауын-ай.)
Ұстарадан да өткір
Мына сары аяз
Тіліп тұр бетіңді.
Ауыздарынан
Будақ-будақ
Бу атқылаған
Адамдардың әр қайсысы
Қайнап бара жатқан
Самаурын секілді.
Осы бір аяздан
Бағандардағы шамдардың
Қып-қызыл құлағы.
Аяз сорып
Кептіріп жіберген
Аппақ қар —
Басып қалсаң! —
Шыны сияқты
Күтір-күтір сынады.
Неткен суық бұл!
Солтүстік Мұзды Мұқхитың
Бізге де жеткендей.
Мына суықтан
Жын-шайтан,
Ібіліс, диюларға дейін
Жылу қазандықтарының
Алып мұржаларына
Кіріп кеткендей.
Осы бір суықтан
Онсыз да жаны жаралы
Мына жұрт —
Тұтқынға түскендей
Бүгежең-бүгежең етіп
Тартып барады...
Сарыарқадағы
Сары аяздың
Тісіңді тісіңе тигізбей
Сақылдауын-ай.
(Осындай суықта да,–
Тамағына тас тығылғыр! —
Қақсауық идеологтың
Қарғадан бетер
Қарқылдауын-ай!)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері