Ұшып келе жатқан қаздар

Бұл бетте «Ұшып келе жатқан қаздар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 583
Көзiн алмай қарап қалды үзiгiп,
бар тiршiлiк,
бар табиғат қызығып, –
су-су етiп ұшып, әне келедi
аппақ қаздар аспанменен тiзiлiп.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi,
жап-жарық боп бара жатты екiндi.
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ гүлдер,
аппақ гүлдер секiлдi.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi,
жап-жарық боп бара жатты екiндi.
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ әндер,
аппақ әндер секiлдi.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi,
жап-жарық боп бара жатты екiндi.
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ шамдар,
аппақ шамдар секiлдi.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi
жап-жарық боп бара жатты екiндi
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ сөздер,
аппақ сөздер секiлдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшып келе жатқан қаздар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұшып келе жатқан қаздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшып келе жатқан қаздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшып келе жатқан қаздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері