Өтірік болғаны ма?

Бұл бетте «Өтірік болғаны ма?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 599
Айтқан сөзiме
Тоймайсың!
Сол сөзiме
Сiңiрiң тартылып,
Қаның кеуiп қалса да
Қоймайсың!
Несiн жасырам –
Қабырғаларыңды
Бұтарлап сындырып,
Омыртқаларыңды
Бiртiндеп бұзып тастар ем
Заңнан қорқам!
Бүйiрiңдi тесiп,
Өкпе-өзегiңдi
Кеңiрдек-қолқаңмен қосып
Суырып алар ем
Айнала отырған
Жаннан қорқам!
Бiрақ та сен
Хайуан iшпейтiн суды iшiп
Аузыңа келгендi
Оттайсың.
У жағылған
Қаңғыған оқтайсың.
Егер сен жеке келсең
Шайнап-шайнап –
Қоқыстың iшiне! –
«Түпә» деп
Түкiрiп тастар ем.
Қайта тұрмайтындай етiп
Бiтiрiп тастар ем.
Амалым жоқ!
...Соны бiлiп
Бұл шiрiктiң
Есiрiп-толғаны ма?
Әлде
Арланның
Сарып кеткен жерiне
Қоянның
Қырық күн бара алмайтыны
Өтiрiк болғаны ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтірік болғаны ма? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өтірік болғаны ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтірік болғаны ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтірік болғаны ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері