Оруларын-ай, соруларын-ай! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Оруларын-ай, соруларын-ай!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 719
Арбаң-арбаң еткен
Алып өрмекші
Өзінің
Улы сілекейлерімен
Бүкіл елімді
Торлап алды,
Шырмап буып,
Шырғалаңға салып
Сорға малды.
Өрмекшілердің
Жалаңдап тұрған
Алпыс мың өткір
Алмас аяқтарымен
Кез келген жанды
Қылқадан қиып
Оруларын-ай;
Тоғыз мың
Тоқсан тоғыз тұмсықтарымен
Елімнің қанын
Насостай тартып
Солқылдатып
Соруларын-ай!
Оруларын-ай,
Соруларын-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оруларын-ай, соруларын-ай! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Оруларын-ай, соруларын-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оруларын-ай, соруларын-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оруларын-ай, соруларын-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері