Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1660
Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен,
Шолпан кеткен, ізінше Айман кеткен.
Біздің ауыл үстінен бұлт көшкен жоқ,
Сіздің ауыл үстінен бұлт көшкен жоқ,
Бұлтты кешіп Ай көшті. Қайран көктем.
Аспан толы суреттер... жалба бұлт,
Тастай қатып “бір қыз” тұр “нарға мініп”,
Нарға мінген сұлудан көзін алмай,
”Өліп” жатыр өтірік “шал” қағынып.
Ай батады, Ай деген – арман-үміт.
Тойланбады содан соң көп мерекем,
Қиырларды кезіппін текке бөтен.
Нуға қарай бұлт кешіп зулаған Ай,
Екеумізді неге ала кетпеді екен?
Күндер қайда , қайда сол есім кеткен,
Сұрағым да келмейді не үшін деп мен,
Сіздің ауыл үстінен бұлт көшеді,
Біздің ауыл үстінен бұлт көшеді.
Қозғалмайды Ай, бірақ. Есіл көктем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері