Қазақы ұрлық – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Қазақы ұрлық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2172
Тыщу лет не удивляет никого -
Так уже сделан человек.
Ныне, присно о вовек
Царствует над миром воровство.
Редьярд Киплинг. «Общий итог».

Мынау өмiр қалған бiзге мұраға,
барымта мен қарымтадан тұра ма?
Үйдегi қой,
мидағы ой ұрланып,
көмiлгендей көз көрмейтiн ұраға.

Табыныңды қасқыр алды қоруға,
дарыныңды дәлдүрiштер торуда,
дорбалаған,
арбалаған қу құлқын,
жердi тесiп,
елдi теспей соруда.

Мұнайыңды жұтқызады қалтаға,
Құдайыңды ұтқызады картаға,
темiрiңдi, көмiрiңдi аз десең,
өмiрiңдi қоса жұтар,
қорқа ма?

Бар әлемге болғаннан соң ақша би,
қалды ма екен қанда - намыс,
баста - ми?
жөргегiнен алдануға үйренiп,
құр емiздiк сорып жатыр жас сәби.

Аяқтарын баса алмайды барлықтан,
қорқар кiм бар бұйрық пенен жарлықтан?
Қазақ озды,
қазақ озды, адамзат,
тым болмаса ұрлық пенен қарлықтан.

Даңқтырақ
дәнiккеннен құныққан,
кiм құтылар құлқын деген құрықтан,
бар ұрының аузын бiр-ақ ұратын,
Ажал деген ұры барын ұмытқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақы ұрлық өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Қазақы ұрлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақы ұрлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақы ұрлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар