Тағдыр

Бұл бетте «Тағдыр» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2961
Қандай қыстың боларын
алаш қайдан бiледi?
қандай құстың қонарын
ағаш қайдан бiледi?

Көздi ашып-жұмғанша,
өте шығар жыл қанша,
басыларсың бұрқылдап,
мосыдағы құмғанша.

Тiрiге жоқ тыныштық,
өмiр бiрақ тым ыстық,
кеудең шерге толмайды
жаратқан соң қуыс қып.

Түс көресiң, демалып,
тiстенесiң оянып,
бұлдырайды дүние,
көз жасыңа боялып.

Шимайланып қағазы,
тiрлiк саған наразы,
сенiң кiнәң емес қой
қисық болса таразы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері