Өлең, жыр, ақындар

Арманым

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 3
  • 12546
Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай,.
He бар, не жоқ - дүние халін сезе алмай.
Зейінім - ауыр, қолым - қысқа, жолым - тар.
Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай.
Көзім көріп, айтуға тілім бата алмай,
Ішім қайнап тағы да шыдап жата алмай,
Мендей міскін бар ма екен хақтың құлында,
Керексіз болған еңбегі еткен ақы алмай.
Мен дос көрсем, мені санап дұшманға,
Айтқанымды алғыза алмай еш жанға.
Қаскүнемнің хайласына көз жетпей,
Білерсің бір-ақ бүйіріңнен қысқанда.
Аяусыз жаным, мен бір кұрбан лағың,
Болса алуға, қаным себеп, мұрадың.
Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың,
Сен көркейді деп естісе құлағым.
Азуды қайрап, бармақты шайнап өтті күн,
Ғылымды іздер, алысты көздер жетті күн.
Ақсақал артқа, жастар тартса салтқа.
Әперер жұртқа кекті кім?



Пікірлер (3)

Дана

Өте керемет өлеңдер, осы атамыздай адамдар көп болсын ❤әумин ????

Гүлдария

Керемет өлендер!♡рахмет осындай өлендерді көзге түсіріп жариялағанына

Адина. К.

Күшті керемет????????

Пікір қалдырыңыз

Балдызға (Бірінші хат)

  • 0
  • 0

Сәлем жаздым балдызға
Осы ауылда кез келіп,
Қазақшылық ғұрпында
Бар ғой деп қақым жезделік.

Толық

Қазақтың ру басшыларына

  • 0
  • 1

Қазағым, саспайсың,
Ілгері баспайсың.
Арамнан сейіліп,
Сескеніп қашпайсың.

Толық

Көкбайдың хаты

  • 0
  • 0

Өлеңмен мені біреу жамандаған,
Сөйтсе дағы ретін таба алмаған.
Әйтеуір жамандаудың жөні осы деп,
Анық кінә қоймаған, табандаған.

Толық

Басқа да жазбалар