Күлтегіннің ұрпағы — Иманғали!
- 0
- 0
Түркі тамыр, мен де бір, емен едім,
Келіп отыр: "Ей, Алла деме!" — дедім.
Ойы олқы соғар ма, Астанаға,
Ауылда өскен, қазақы, немененің.
Бұл бетте «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым» атты Madiyar жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түркі тамыр, мен де бір, емен едім,
Келіп отыр: "Ей, Алла деме!" — дедім.
Ойы олқы соғар ма, Астанаға,
Ауылда өскен, қазақы, немененің.
О, жарық Күн, бір атып, бір бататын,
О, Аналар!, тірлік боп тіл қататын —
Сен екеуің бастауы жанымыздың,
Сендер ғана көз жасты құрғататын.
Асыл азбас, алтынды тот баспайды,
Жақсы өлсе рухы асқақтайды.
Жасыта алмас дананы тірлік сыны,
Қыран күнге қараса қас қақпайды.
Таста жан бар, ерекше, заты нәзік,
Ол тарих аршитын батыл қазып.
"Құлпытас" деп ат қойып,
Иманғали, Ардақтапты алтынмен атын жазып.
Болашақты Жәннәтқа айналдыра,
Алла жолы — һидаәйат, майдан құра,
Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза,
Сонша ғылым жиды екен қайдан, сірә?
Аааапп
Керемет.Нағыз өлең деп осыны айтуға болады.Айтарға сөзім жоқ!!!!!!
Мирас
Авторы кім?