Көңілім-ай – Мерей Қартов

Бұл бетте «Көңілім-ай» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 618
Көңілім-ай әр неге шалқымалы,
Тебірентер қаздың да қаңқыл-әні!
Мына қайран өмірдің шын болмысын,
Кім біледі, көргем жоқ бәлкім әлі?!.

Талға қарап, жапырақтар тыраулаған,
Дөңбекшіген жүрегім мұң аулаған.
Көпке түгіл, кәдімгі шөпке де осы
Жетпей жүрген сияқты ұнау маған?!

Пендемін ғой мен де бір, мұңы қалың.
Өз ойымнан суынып, жылынамын.
Сүйгендегі сезімім періште ме?
Қашан соны, шіркін-ай, ұғынамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім-ай өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Көңілім-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері