Мешкейлер жарысы

Бұл бетте «Мешкейлер жарысы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1016
Құлқындары
Қырық құлаш терең.
Арандары
Алпыс кез апандай
Мешкей бiткен
Жарысқа түстi.
Жан берiсiп,
Жан алысатындай
Сайысқа түстi.
Түйенi түгiмен,
Биенi бүгiмен жұтатын
Баяғы мешкейлер
Далада қалды –
Бiр сүйем шабақтай боп
Жағада қалды.
Келген бойда
Қора-қора қойларды
Қотанымен жұтты,
Табын-табын сиырды
Бұқаларымен қосып
Торпағымен жұтты.
Үйiр-үйiр жылқыларыңды
Сыпырып алып
Уысына қысып шыңғыртты.
Көмейiне
Бiр-ақ қылғытты.
Шұбалып, шұбырып жатқан
Эшалон-эшалондарыңды
Бiлем-бiлем
Қазы мен қарта құрлы
Көрмедi.
Жұтқан сайын елiрдi.
Жеген сайын өрледi.
Қара жерiмдi
Доңыздай қопарды.
Өзен, көлiмдi
Сорпадай қотарды.
Темiр-терсектердi
Өлексенiң қанқаларына
Қонған құзғындай
Шашып жедi.
Алтын, күмiстердi
Бауырына басып жедi.
Теңгелерiңдi
Тең-теңiмен,
Долларларыңды
Дорба-қабымен асады.
(Құдай-ау,
Тәбетiн қашан басады).
Жердiң үстiнен де,
Астынан да түк қоймады.
Бәрiбiр тоймады!
Жарыс жалғасып жатты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мешкейлер жарысы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мешкейлер жарысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мешкейлер жарысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мешкейлер жарысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері