Келді де ақтық күнің, Іскендерім – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Келді де ақтық күнің, Іскендерім» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 834
Келді де ақтық күнің, Іскендерім,
Белгіге өшпес із сап, тістенді ерін.
Сусынға жұтылды емдей қызыл шарап,
Қорек боп ішке еріксіз түскен шерің.
Төзімнің майданында беріспеген,
Көзімнің жасы аяулы періштеден.
Кеудеде қып-қызыл боп жанды жүрек,
Қайғысы, қуанышы берік келген.
Ғаламға жат сырымды жақын ашпай,
Сазарып тұрдым ұзақ қатты бастай.
Басында зиратыңның оқыдым жыр,
Құранның қоңыраулы үні татымастай.
Жанары күйіп кеткен кекті жардай,
Кешқұрым күңгірт сәуле төкті арай.
Жүгірдім «Іскендерім, қайдасың?!» деп
Шырын шақ көз алдымнан өтті талай.
Кей жасық сияқтанып, жетімдендім,
Бейне ашық сақ-сақ күлген секілдендім.
Құштым мен бейтіңді емес, таудың төсін,
Қазаға болды осы-ақ бекінгенім.
Сен –жаттай, інім тете, аямадың,
Тек жатпай жерді менше аяладың.
Қалдырдың сыбағама мың сағыныш,
Қарағым, сиқырдай бұл қай амалың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келді де ақтық күнің, Іскендерім өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Келді де ақтық күнің, Іскендерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келді де ақтық күнің, Іскендерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келді де ақтық күнің, Іскендерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері