Сені сағынғанда – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сені сағынғанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Жүрмiн қазiр сенсiз мен азар мұнда!
Қызығым жоқ бұл өмiр-базардың да.
Жыласам да,
күлсем де,
отырсам да
тұрасың да қоясың көз алдымда.
Неге бiздi бөлдi екен дара құдай?!
Шыдай алмай өртенiп барамын-ай...
Тұрасың да қоясың көз алдымда
жәудiреген балапан қарағым-ай?
Өлер болдым өзiңе алаңдап-ақ.
Әзер жүрмiн дәл қазiр амалдап-ақ.
Мың-мыңдаған шақырым жерден өзiң
маған қарап тұрасың,
маған қарап.
Жаңғырады әр сөзiң жаңарып кеп,
ойлама сен қашық бұл аралық деп.
Бұлттар мен таулардың ар жағынан
қадалып тек тұрасың, қадалып тек.
Ондай кезде жанымнан ақтарамын,
алай-дүлей бұрқаған от-боранын...
Көз алдымнан жоғалып кетер болсаң
мен өмiрден жоғалам,
жоқ боламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сені сағынғанда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сені сағынғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сені сағынғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сені сағынғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері