Сауал

Бұл бетте «Сауал» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 595
Әлдене айтып,
жеңнен тартып жұлқылап,
жол үстiнде бүлiк салып,
шырқырап,
әлi есi жоқ кiп-кiшкентай бiр тентек
көнбей тұрды мамасының ырқына.
Шатақ сап тұр,
бүлiнiп кеп жылаған
жылап тұрып әлдененi сұраған.
Мамасы тұр көндiре алмай ырқына
не болса да бәрiне де шыдаған.
Бұл тентектiң жылағаны жай ма едi?!
Бұл тентектiң сұрағаны ай ма едi?!
Ал мамасы нұсқап тұрып мен жақты:
— Аға сенi алып кетед, қой,— дедi.
«Аға сенi алып кетед»,— дегенде
бiр сiлкiнiс болып өттi денемде.
«Аға сенi алып кетед»,— дегенде
найзағай от жарқ-жұрқ еттi төбемде.
«...алып кетед»
өне бойым қарысып,
санамнан сан ойлар өттi жарысып.
Сол бiр сөзден жылағанын кiлт үзiп
қалды тентек мамасына жабысып.
Кiлт үзiлдi әлдене бiр сынғандай.
Кiлт үзiлдi, сиқыр едi бұл қандай?
Жылағанын қоя койды,
алдында
адам емес, құбыжық бiр тұрғандай.
Уақыттан,
осы өмiрден жаралған
бұл сауалға жауапты мен таба алман:
неге бiздер,
неге бiздер адамды
тумай жатып қорқытамыз адамнан?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сауал өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сауал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сауал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сауал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері