Өмірімді менің де созыпты мұң – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Өмірімді менің де созыпты мұң» атты Әбілда Аймақ жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 922
Өмірімді менің де созыпты мұң,
Әлденеден, білмеймін, көзікті ырым,
Желге беріп бетімді желпінейін,
Бара жатыр бекерге тозып түрім.
Лапылдай ма алаулап шырақ –қайғы,
Наурызың да жүректі жұбатпайды.
Балконды ашсам, самал жел шалқып кетіп,
Есігімді шуақ пен нұр аттайды.
Мен де елге өлең боп тараймын ба,
Жыр дейтұғын шомылып бал айдынға.
Тілім бірақ күрмеліп қала берер
Заһары көп заманға қараймын да.
Басым дағы бас емес, келідейін,
Қай бетіммен қоғамға көрінейін.
Айдалаға ол дағы лағып кетті
Әшейінде ауыз жаппас сері гөйім.
Замананың көз алды күлтілдеген,
Қиығында былшығы сүртілмеген.
Тәрік етіп ғұмырды Кәландарша
Безіп кеткім келеді бір түнде мен.
Сықырлаған астымда жаман арба,
Мүсәпірге тимейді садағам да.
Бай-кедей боп жік-жікке түсіп бітті
Мектептегі бейкүнә балалар да.
Бекер болды құмартып сағынғаным,
Бала-шаға әзірге бағынғаным.
Өлең оқып күшеніп жүргеніммен,
Мен де сол кедейлердің жағындамын.
Кедейді шенеуніктер менсінбейді,
Кедейге жалғыз қотыр төл сіңбейді.
Тойларда атым шығып жүргеніммен
Мына қоғам біздерді менсінбейді.

17. 03. 2006


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірімді менің де созыпты мұң өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Өмірімді менің де созыпты мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірімді менің де созыпты мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмірімді менің де созыпты мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері