Қоштасу – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қоштасу» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1164
Жүзіңді сенің нұрлы ақырғы рет
Ойлаймын құшудың бір сәтін тілеп,
Оятып арманымды жан түбінен,
Қаймығып, қайғырып та, жүдеңкіреп, –
Ғашығын еске алғысы келді жүрек.
Зымырап жасымыз да өтті, өзгерді.
Бәрі өзгерді, өзгертті ол біздерді.
Міне енді, күнгірт тарттық сүр қабырдай
Ақының салқындықтың лебін сезді,
Сен үшін досың да өшті болған ізгі.
Қабыл ал, алыс досым, тілегімнің
Сұраған кешірімін жүрегімнің,
Тұл қалған жабыраңқы бейне жардай,
Тұрғандай құшағында бір-бірінің,
Алдында айдалуға жүрер күннің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері