Сұлтан Уәис ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Сұлтан Уәис ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1684
Ақыл деген ырыс толы дария,
Сусындаған сезе білген жан ұя.
Қадірлесең Тәңір берген сыйлықты,
Тәрбие нұр құт толтырар қойныңа.
Ақыл кетсе айтшы кімдер азбады,
Қайта оралмас қуаныштың жаздары.
Намыста жоқ, оны күтер ар да жоқ,
Дәйексіз боп өткізерсің жалғанды.
Ала шұбар жылан күнде шаққандай,
Тыныштық жоқ күн кешерсің шаттанбай.
Көкжалдайын жараланып у жұтқан,
Ішің ұлыр қысқы боран ақпандай.
Күйіп пісу болып дәйім үлесің,
Сатқындардыі сорын кешіп жүрерсің.
Қарға болып қыран құсың тау қонар,
Туған ұлың беттен алып жау болар.
Қырсық қатын азаптап пәк жаныңды,
Үйің тозақ мейман болып кім қонар?!
Суланбасың десең мұңмен жанарың,
Ақылды сүй иманменен қарағым.
Күн баттыма күнде өзіңе есеп бер,
Зердең алып өмір ұстаз сабағын!
Мен өзіңе жүрек сырын ақтардым,
Ата берсін алдан күліп ақ таңың.
Алыс жатқан бізді әсте ұмытпай,
Келіп тұр сен ақын балам Лұқпаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлтан Уәис ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Сұлтан Уәис ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлтан Уәис ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сұлтан Уәис ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері