Сұрарым – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Сұрарым» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1260
Жолаушымыз өмір – жолда,
Жер бетінде бірге көппен.
Жалғыз Алла өзің қолда,
Кең әлемге нұрын төккен.
Жеткізетін ойларымды,
Сөйлесін-деп, өзің берген,
Ана тілім, қайнарымды,
Сүйгіз нәзік сезімдермен.
Сақта, қара дауылдардан,
Аман болсын ата жұртым.
Көз жаздырма бауырлардан,
Көрмесінші қайғы бұлтын.
Ырыздықпен өлшеп берген,
Қысқа қылма уақытыңды,
Сақта, жала өсектерден,
Былғамасын бақытымды.
Туған жерден нәрін алған,
Өлең-жырым—тамырларым.
Желек жайып болсын орман,
Күзей көрме, жалынамын.
Кімнен қалмас бұл дүние,
Бір күн қалар біздерден де,
Жалғасын бер жасаушы ием,
Ұл мен қызым -- өзендерге,
Нәсіп берші маңдайы кең,
Жас сәбидей тілегіме,
Бір ән болып қалайын мен,
Туған елдің жүрегінде!
БҰХАР ЖЫРАУ
Қамқа тонды кимеген,
Жүйрік жорға мінбеген.
Жалған айтып көрмеген,
Құшағы тең күнменен,
Пейілі көкке өрлеген,
Қарапайым халқымның,
Өзі соғып зерлеген.
Қара өлеңін ту қылып,
Шаршы топта сөйлеген.
Жамандықты білмеген.
Жасы кәрі ,жаны жас,
Тау суындай сарқылмас,
Ізгі ойлармен гүлдеген
Нажағайдай жарқылдап,
Қаһар төккен хандарды,
Кеуде керіп көнбеген,
Әділдікпен жөндеген.
Данамын – деп, таспаған,
Тар жолыңда саспаған.
Кең әлемді тербетіп,
Төге біліп асқақ ән.
Қараңғыда жол сілтеп,
Елдің көшін бастаған.
Мұхиттайын қайнарым,
Сусындаған ой нәрім.
О, көмекей әулием,
Әруағыңнан айналдым.
Жырдан іздеп ертеңін,
Төксем – деп пәк, көркем үн.
Айдынында шарқ ұрған,
Мен бір құйттай желкенің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрарым өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Сұрарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері