Шоқан – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Шоқан» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2525
Тамыр тартып тектіліктің тегінен,
Бұлтты жарып жарық құйып көгінен.
Нар халқыңа күн болдың сен қуантып,
Ақыл- ойдың нәрін сыйлап біліммен.
Жеткізсем-деп, бабалардың ерлігін,
Көз ілмеді ізденумен күндіз түн.
Желкен тарттың тарих- ана теңізге,
Маржан іліп таңдандырып жер жүзін!.
Ғылым биік, өмір қысқа болса да,
Жол іздедің асулардан асарға.
Оятып-ап, қалғып кеткен халқыңды,
Қайсарлықпен жасампаздық жасауға.
Ізгілік боп асыл арман мұратың,
Сен шығардың биіктерге ел атын.
Сұлулығын кең әлемге паш етіп,
Ұлы көштің ұлғылаумен қуатын!
Қуат тауып нар халқыңның өзінен,
Алпамысын тыңдай біліп сезіммен.
Ұлы дала құшағында ән салған,
Қыз Жібектің сырласқандай жүзімен
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырларын,
Алып жүрдің тастамастан өзіңмен.
Үйеңкіден үйіріп алған қобызға,
Үн қосардай, өлмес өмір төзіммен!
Даналықпен ұрпағына сыр айтқан,
Ой атасы сарқылмайтын бұлақтан.
Қолыңа алып Қорқыт баба кітабын,
Сен жеткіздің келер күнге шуақ таң.
Сусындаттың шөліркеген халқыңды,
Өткен небір азап толы сынақтан!
Жолын жалғап Асан Қайғы, Қорқыттың,
Ежелгі аңыз баба жырын толқыттың.
Ер Манастың желкен құрып ізіне,
Күмбірлеттің ұлы күйін жорықтың!
Ғасырларға жету үшін ойларың,
Сыйға тартып ізгі ойлардың қайнарын.
Адамзатқа үн қатуға мәңгілік,
Кең ғарыштың жұлдызына айналдың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шоқан өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Шоқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шоқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шоқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері