Еркектер жыры

Бұл бетте «Еркектер жыры» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

...Біздің тауда қанатына қаңғырған бір оқ тиіп,
Ата қыран ұясында тартып жатты көп күйік.
Кей кездері ызадан жарылардай
Дөңбекшіді ол қорлыққа бағына алмай.
Бала қыран күндікке тауды кезіп,
Жем тасыды ұяға жаны қалмай.
Ата қыран перзентінің қамқорлығын құп алып,
Шүкіршілік етті іштей қуанып.
Ол ойлады: "Ұзақ қайғы бола қоймас бұл аса,
Құлан таза сауығамын, тағы екі-үш ай шыдасам".
Бірақ бір күн бала қыран оған былай тіл қатты:
"Баға жетпес асылымсың, ардағымсың, қымбатты.
Әбден қажып сорладың-ау, жүдедің-ау тым қатты.
Есіме алсам баяғы шат күндеріңді еңселі,
Жаным жылап аяп кетем, аяп кетем мен сені!"
- Тоқтат! - деді ата қыран қалш-қалш етіп долданып,
Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп малданып.
Көкірегін бір алапат ыза буып алды да,
Ұясының аузына әрең жүріп барды да,
Жан шошытар жалтыр құздан құлап өлді табанда
Қалқам!
Ерлік даңқы қанат жайған мына ұлы заманда
Мүсіркеу сөз есітуден өлім жеңіл маған да!!!


Пікірлер (6)

Серикхан

Осы ага кейн осы сиз сиякты оленди сойлететин акын болама екен билмедим. Бир окып ак жаттап аламыз ал казирги акындарды жуз окып минга конбайт.

Алдонгарова Мадина Қасымқызы Тараз қаласының тұрғы

Мұхтар аға ! Өлеңдеріңіз керемет . Ютубта менің жазған өлеңдерім бар . Соны тыңдап , сіз де өз пікіріңізді жазыңызшы . Сізге ұнамаса , алып тастаймын . Сіздің пікіріңіз ақылыңыз , мен үшін маңызды . Мадина .

Алдонгарова Мадина Қасымқызы Тараз қаласының тұрғы

Мұхтар аға " Сіздің өлеңдеріңіз керемет . Мен де жазамын . Ютубта бармын , бірақ ешкім тыңдамай ма ?пікір жазбайды . Сіз жазыңызшы , өтінемін. мен үшін өте маңызды . Фамилия , атымды жазссаңыз табасыз . Мадина

Жандос

Керемет өлең маған қатты ұнады Мұхтар аға сіздің жазған өлеңдеріңіз барлығына ұнады деп ойлаймын

Жандос

Керемет

Ғалия Дұйсенбаева

Мен сонау Қарақалпақ елінде туып-өскен бір қазақ қызы болсамда, Мұхтар Шахановтың өлеңдерінен шабыт алып, әндерін айтып талай телевидениесін де де, елді де шулатып жүргенмін.Міне енді ата мекенге оралған жылдардан бері де Мұхтар ағамның өлеңдерін қайта-қайта оқудан жалыққан емеспін.Жасым 70-тен асып кетседә, отырыспа-тойларда әндерін әлі айтамын.
Қысқаша айтатын болсам, халықтың нағыз перзенті болған,бұл ұлы ақынды әр қазақ аялап-бағалап, құрметтеп, қандай жақсы сөз білсек соған арнап, өмір-жасын ұзартуға үлес қоссақ деймін.
Әттең Нобель сыйлығын дәл кәзір берер едім, егер менің қолымнан осы нәрсе
келсе.
Жан аға сен саулығыңыз мықты, өмір-жасыңыз ұзақ болсын, мені Өзіңізге тілекші болған бір қарындасым деп білгейсіз.
Сізге шексіз рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркектер жыры өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Еркектер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркектер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркектер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері