Ленин туралы жыр

Бұл бетте «Ленин туралы жыр» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 605
«Аврора» сонау бір кез...
Неваның,
Сарайына патшаның
оқ атқаның,
Білем, еркін аттап алға
ел адым,
Он жетінші жылы
бақыт тапқанын.
Ту қып ұстап халық
Ленин ұранын,
Жастан мен де
Ленин атын жаттадым.
Ленин
туды,
Ай маңдайлы ұлы адам,
Туды ол,—
патша, жандармға бас ұрмай.
Туды ұлы —
Халқы сүйіп қалаған
данышпаны,
жауына ол —
жасындай!
Шын бақыттың бесігі —
орыс анадан
Туған Ленин
өзі бір зор ғасырдай.
Аға орыс халқы
бастап дауылда,
Ұстадық біз —
нарттай қызыл
нұр туды.
Россияға,
деревняға,
ауылға —
Ленинменен
жаңа ғасыр
бір туды.
Біздің халық
жасап жатқан істердің
Жеңісінен —
көрем Ленин бейнесін,
Сезем,
жанған жұлдызынан
СЭС – тердің.
Ұлы Ленин жанарының
сөнбесін!
Білем,
Ленин
Советтік зор күшті елдің
Мызғымастай қалап берген
іргесін!
Өмірге нәр —
сүйгендей сап ауаны,—
біз сүйеміз
Нұрлы Ленинизмді!
Қуатынан
жүрек жолдама
алады,
Ленин жолы ол —
күндей ашар
көзіңді!
Ленин томын
ту ғып ұстап
жоғары,
Сөзін оқып,
сомдай түсем
өзімді.
Бар томдардың маршалындай
үйімде —
Тұр тізіліп
сапта —
Ленин томдары.
Лениннің нақ
өзі айтқан күйінде
өмірге жол ашып
айқын ойлары.
Өмірімде арманым жоқ
менің де
Жырлай білсе Ленинді өлең жолдары.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ленин туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ленин туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері