Таң арайында

Бұл бетте «Таң арайында» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 948
Таң саясын құшқалы
Сәулетті сан жыл өтті...
Самғап бақыт құстары,
Жеріме елім гүл екті.
Шөліркеген шаңдақта
Мөлдір көлдер орнады.
Қанат жая жан-жаққа,
Қонды жасыл орманы.
Украина, Кубаньнан
Келген еңбек мейманы,
Дән құйылта тыңдардан,
Болды елімнің туғаны!
Ұлы Октябрь таңынан
Бастап халық достығы
Мызғымас боп танылған,
Желбіреп тұр дос туы!

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң арайында өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Таң арайында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң арайында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң арайында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері