Грузин қызы

Бұл бетте «Грузин қызы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1123
Екі өзен — сұлу Кура, Арагва —
Тоғысқан ағысының торабында
Көз тігіп тұрды келіп толқындарға,
Жас қызы Грузиннің қарады да...
Көзінің отты қара жанары ойнай,
Садақтай қара кірпік қадалғандай —
Қарады... тулап жүрек кетті соғып,
Денеме бір ыстық қан таралғандай...
— «Гамарджвеба?1 — деп ем мен, — грузинше,
— Гагумарджос!2 — дей салды, — қыз өзінше
Сол арада жалт берді,— жаутаң қағып,
Тағы бір сөзімді айтар іздегенше...
Кетті қыз, мені бәлкім түсінбеді,
Білмеймін өңім бе, не түсім бе еді?..
Ізіне қалдым қарап, үнсіз қатып,—
Бір кезде көргендеймін түсімде оны...
Шырайы — таңның қызыл арайындай,
Қара қас көктің туған жаңа айындай!
Кураның толқынындай қос бұрымы
Толқып тұр жаныңның жас қалауындай...
Қыз кетті сылаң қағып, бір ырғалып,
Ақ беті бір сұрланып, бір нұрланып,
Қап-қара шашында оның,— түсінбедім,—
Неліктен бір ақ тал шаш тұрды ұрланып?..
Қыздарын грузиннің көрсе аңғарып,
Жасынан шашына ақ түскен не ғып?—
Дерсіңіз, — әлде ыстық қанынан ба,—
Жүрегі төзбей ме әлде, лүпіл қағып?..
Жарымның еді ол бір жас бала кезі,
Сұлудың қарамады аяп өзі...
Кешіңіз!— Сырттан өлең арнағанға,—
Бейтаныс грузиннің қара көзі!

Тбилиси (1947—1955)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Грузин қызы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Грузин қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Грузин қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Грузин қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері