Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 647
Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің.
енді кілең келді білем жүндегің.
мақтасаң да,
даттасаң да қыңқ етпес,
жуас түйе көргенің бе,
кім дедің?
Білместігім болар бәлки, бұл менің,
көтермедім көрінгеннің үргенін,
басымнан құс ұшырмадым,
содан ба,
жақсымен де жағаласып жүргенім...
Басқаларға ұнамай ма,
ұнай ма,
өзім ойлап таба алмадым бір айла,
Әкіреңдер әкім түгіл,
тегі мен
құл бола алмай кетсем керек құдайға.
Жұрт алдына түсіп кетсем,
көрермін,
ең сорлысы бола алмаймын,
тегі елдің.
Қалғып-мүлгіп көне берер жүндеуге,
мені саған жуас түйе деген кім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері