Жарық күнге жан – малай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жарық күнге жан – малай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Жарық күнге жан – малай,
Жарығым-ау хал қалай?
Қарап жүрмей, екеумiз
Қақ бөлiндiк алмадай.
Қақ бөлiнген алманы
Қайдағылар жалмады.
Тағдырымның талғажау
Тамтығы да қалмады!
Құбыжық өң, құл бетпiн,
Құла дүзде гүлдеппiн…
Iрiп кеткен iшiмдi
Iбiлiске iндеттiм.
Сайтан күлдi оң жақтан,
Сайқал күлдi сол жақтан.
Арылмады-ау өмiрiм
Айнымалы сор, бақтан…
Жақыннан да безiндiм
Қатыннан да безiндiм!
Құлап жатып жыладым,
Жылап жатып көз iлдiм…
Мен де бүгiн – жарты алма,
Сен де бүгiн – жарты алма.
Əжiм сызар жүрекке
Əр түскен дақ, əр таңба…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарық күнге жан – малай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жарық күнге жан – малай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарық күнге жан – малай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарық күнге жан – малай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері