Жезөкше – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жезөкше» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Отқа барған қатындай
Өзі екенсің кезбенің.
Түнгі сайтан отындай
Ойнақшиды көздерің.
Өзегіңді өртеп түн,
Өле жаздап тұр төсің.
Тұла бойын еркектің
Тұра қалып тінтесің.
Жаны қандай екен деп
Жай тастағың келе ме?
Бабы қандай екен деп
Байқастағың келе ме?
Қалталыны жыландай
Арбайсың-ау, арбайсың!
Алқалыны сығандай
Алдайсың-ау, алдайсың!
Тықылдатып өкшеңді
Тынбайсың-ау, тынбайсың.
Мықыныңды, бөксеңді
Бұлдайсың-ау, бұлдайсың!
«Ат аунаған жерінде, –
Дегендейін, – түк қалар».
Сайқалдығың, кемінде
Жүз есекке жүк болар!
Талма түннен базарың
Таң атқанша тарқамай,
Азып қапты-ау ажарың
Ауыздағы малтадай.
Езіп ішкен сынаптай
Еріккеннің емісің.
Жұмыр дүние жұмақтай
Жұтынып тұр сен үшін!
Жүрген жерің той-думан,
Шақырмасын, шақырсын.
...Тағы кімнің қойнынан
Шығып келе жатырсың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жезөкше өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жезөкше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жезөкше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жезөкше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері