Өзiңдi перiштемен бiр баладым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өзiңдi перiштемен бiр баладым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Өзiңдi перiштемен бiр баладым,
Бұл сөзiм жалған емес, шын, қарағым.
Көңiлге тойымы жоқ шара бар ма –
Бiр мезет көрмей қалсам, мұңданамын.
Түрiңнен айналайын нəзiк, бұла,
Қарайтын көзiң қандай наз ұқтыра?!
Албырап ақын жүрек жас баладай
Жанымен жақсы көрсе, жазықты ма?
Перiштем –
Қанаты бар...
Қанаты жоқ...
Өзiңсiз өмiр мынау – қара түнек!
...Баз кешiп дүниеден Лəйлiсi үшiн
Мəжнүн де қаңғып кеткен дала түнеп!
Қаңғырған, қапаланған Лəйлiсi үшiн
Мəжнүннiң қасiретi қайғысы шын.
Жүрегiм – жылы ұямнан ұшып шығып,
Қанатын саған қарай жайды құсым.
Қанатын қағып ұшқан сыңар құстың
Сипатын, сырын сезiп, ұғар ма ешкiм?
Қиялмен Арман атты шыңға шығып,
Мен талай мұң жастанып, мұнар құштым...
Аялдап орта жолда көш тұрмаған.
Белгiлi бесенеден бес күн ғалам.
Лəйлiдей қыз екенiң лəзiм болса,
Мəжнүннiң махаббатын кештiр маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзiңдi перiштемен бiр баладым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өзiңдi перiштемен бiр баладым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзiңдi перiштемен бiр баладым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзiңдi перiштемен бiр баладым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері