Қошке көрген ауыр түс

Бұл бетте «Қошке көрген ауыр түс» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1419
Қамалдым өткелі жоқ терең жарға,
Әділдік таба алмадым, амал бар ма?
Қошке Кемеңгерұлы

Айдаудан келіп,
Шарбақкөлде тұратын.
Роман жазды. Дәрігерлік құратын.
Байлаудағы тұлпарда жазық жоқ еді­ау,
Жығылғанға жұдырық қайта туатын.
Қызған кезі
Отыз екінші жылдың қырғыны,
Қошекең сонда түс көріпті бір күні.
Қара мұрт шал қараңғы үйді көрсетіп:
«Сен боласың, – депті, – бұл үй тұрғыны».
Үрейді алды қара түнек сұмдығы,
Тіл қата алмай,
Тірі өліктей тынды үні.
Ашылғандай аждаһаның араны,
Жұтынып тұр жалмауыздың ындыны.
Үш терезе соқырайған тұл маңдай,
Тас қараңғы қиямет­қайым бұл қандай?
Үш алпауыт тесірейіп қарайды,
Үнің шықса өңешіңді жұлғандай.
Қара түнек қою қара боянды,
Құмырсқадай илемекші ноянды.
Өле жаздап, алар тыныс тарылып,
Шырт ұйқыдан Қошке шошып оянды.
Түс жорыпты сескенгендей ағамыз,
Дәл келгенін қорқыныштың қараңыз:
НКВД үш жендеті сау етіп,
Ығыр салды үш жандайшап қаражүз.
Тінтіп, тонап
Үйдің ішін жылатты,
Үш әумесер ауырлатты сынақты.
Көздері ашық, қара жабу беттері,
Түсінде көрген үш терезе сияқты.
Шарбақкөлдің Томарында от басты,
Амал бар ма болды десе болмасты?
«Балаларға абай бол...» – деп сыр бермей,
Жан серігі Гүлсімменен қоштасты.
«Үштік соты» – ұмытқандар ұятты,
Ұрды, соқты...
Қол қойғызып сұлатты.
Қату қабақ соқырайған үш жендет
Түсіндегі үш терезе сияқты.
Қошке атылды
Зорлық кешіп не түрлі,
Көрген түсі заман сұрқы секілді.
Қара мұрт шал қараңғы үйді құртса да,
Құдай оңдап, ұрпақтары жетілді.
Көзім көрді Нарманбектей баласын,
Тегіне тартқан арыс еді жаны асыл.
Шарбақкөлде онжылдықты басқарған,
Ел сыйлайды ұстаздық құрған данасын.
Гүлсім апа, керемет қой осы үлгің,
Содыр заман, өтті түстен шошыр күн.
Қайырбек, Бейбіт, Роминдер бастаған
Қошке ағаның көшін көріп отырмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қошке көрген ауыр түс өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қошке көрген ауыр түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қошке көрген ауыр түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қошке көрген ауыр түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері