Қияметтің көпірі – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қияметтің көпірі» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 763
Тарбағатай – туған жерім, алыс қалды ар жақта,
Шыдар ма екен буған белім зілден ауыр салмаққа?
Құлақ салмас керең дүние мендей мұңлық заржаққа,
Кімге барып шағынамын, жыламасам аруаққа?
Қанатым жоқ, өткізбейді қияметтің көпірі,
Қуғанменен жеткізбейді қашқан жылдар нөпірі.
Босқан жұрттың қара терден құрғамайды тоқымы,
Бос қаңғыртты тіршіліктің мәнсіз ойран­топыры.
Аспан жайнап тұрғанменен, қапалыға қараңғы,
Қайғыменен жібітем бе көні кепкен ғаламды?
Қодардайын қожаңдатып нақұрыс пен наданды,
Үрейленіп өтемін бе ұстауменен жағамды?
Қайырымсыздың келгені де, кеткені де білінбей,
Әрі­сәрі сарсаң етті әзәзілдің тіліндей.
Қамкөңілім тышқан тескен кебеженің түбіндей,
Сорлы өмірім бөле қырыққан ала қойдың жүніндей.
Бір құрсақтан шыққан туыс бірін­бірі танымай,
Шолақ тонмен шолтаңдайды шайлық сүтке жарымай.
Бөктергінің жемі болып, бозторғайым, жаным­ай,
Шілдей тозып шырқырады­ау шашылған ел тарыдай.
Шыр еткелі туған жердің рахатын көрмедім,
Жамбасымды ойып түсті отқа күйген жөргегім.
Қатал тағдыр, тәлкек қылар мен болдым ба ермегің,
Төгіп­шашқан мол бақыттың бір тамшысын бермедің.
Ергенменен есіркемес ит қорлықтың ырқына,
Ішімдегі ыстық жалын тепті шалқып сыртыма.
Тым болмаса мінәжат қып ата­баба жұртына,
Тұл жүрегім, зар еңіре, сай­сүйегім, сырқыра!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қияметтің көпірі өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қияметтің көпірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қияметтің көпірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қияметтің көпірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері